Оған әлемнің түрлі елдерінен 40 команда қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар24».
Олар 3 мың шақырымды еңсеріп, Дарвин қаласынан Аделаида шаһарына жетуі тиіс. Ралли бір аптаға созылады. Қатысушылар кешкі 17:00-ге дейін жолда болады. Кейін шөл далада тігілген шатырдың астында түнейді. Жалпы күн батареясымен жүретін көліктер жарысы 1987 жылдан бері өткізіліп келеді.