$ 494.87  520.65  4.91

Қытай валютасы тағы құнсызданды

Бүгін Қытайдың ұлттық банкі мемлекеттік валютаның долларға шаққандағы бағамын тағы да құнсыздандырды деп хабарлайды Lenta.ru CFETS валюталық сауда жүйесіне сілтеме жасап.

Юань 137 базистік сатыға төмендеп, жаңа курс 1 доллар үшін 6,4495 юаньды құрап отыр. Елде бұған дейінгі девальвация өткен аптаның бейсенбісінде орын алған еді. Ол кезде юаньның долларға шаққандағы құны 6,42-ні құраған.

Айта кетейік, Қытай ұлттық банкі биыл ең бірінші рет тамыз айында мемлекеттік валютаны девальвациялаған еді. Ол кезде юань 11 пайызға құнсызданды. Дегенмен, мұнан кейін қытай валютасы қайта тұрақталып, қараша айының басында $1 - 6,32 юаньға тең көрсеткіші сақталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары