$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мен Қытай құны 10 млрд АҚШ долларынан асатын келісімдерге қол қойды

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚХР-ға ресми сапары аясында Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 3-ші отырысының жұмысына қатысты, деп хабарлады Қазақстан үкіметі басшысының сайтынан.

Іскерлік Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша жалпы 10 млрд АҚШ долларынан астам сомаға екі жақты коммерциялық құжаттар пакетіне қол қойылды.

Кәрім Мәсімов Қазақстан мен Қытай басшыларының бастамасымен құрылған Іскерлік Кеңес екі мемлекеттің бизнес қауымдастықтары үшін тиімді диалог алаңына айналғандығын баса айтты.

«Елдерімізді жақындастыратын бірнеше маңызды бағдарламалар бар. Біріншісі – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылы Қазақстанға сапары барысында жариялаған «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы. Екіншісі – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы. Осы екі бағдарлама бірін-бірі толықтырады деп есептейміз. Іскерлік Кеңес пен кәсіпкерлеріміздің табысты қызметі осы екі бағдарламамен байланысты», – деді премьер-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары