Шымкент әуежайында көпбалалы ана мен «Эйр Астана» қызметкері арасында жанжал болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, әуекомпаниясының қызметкері баланың туу туралы куәлігі болмағандықтан, көпбалалы ананы бортқа жібермеген. Сөйтіп, әйел компания қызметкерін екі рет ұрып жіберді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқиға туралы ақпарат тараған соң, әуекомпанияның баспасөз қызметі жағдайға пікір білдіріп, қызметкердің заң аясында әрекет еткенін айтқан.
Аталған жанжалдың басты кейіпкері, Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Бота Шынықұлова оқиға туралы өз шындығын айтты.
Әйел адамның сөзінше, осы жағдайдан соң оның балалары қатты күйзеліске түскен. Салдарынан олардың қызуы көтеріліп, ауруханаға жатқызылған. Ботаның айтуынша, қазіргі таңда балалар ауруханада.
Көпбалалы ана әуекомпанияның қызметкері болған оқиғаны жетекшілеріне басқаша жеткізген деп отыр.
«Әрине, бастапқыда бәрі басқаша болды. Бірақ, маған рейстің ұшып кеткенін хабарлағанда, менде байбалам басталды! Балалар - 6 жас, 3,2,1 жаста, менде қандай реакция болуы керек еді?
«ІІБ қызметкерлерін мені қамап, балама кісен салуға мәжбүрледі. Балаға!», - деді көпбалалы ана. Бота Шынықұлова сақтауды қажет ететін белгіленген ережелер барын, алайда, шұғыл жағдайда оларды ескермеуге болатынын айтты.
«Мен жеке Балаева А.Ғ., Асыловаға, Білім вице-министріне хабарластым. Айтпақшы, маған көмектесуге ниет білдірген жалғыз шенеунік сол. Балалар құқығы өкілдерін жіберді, бұл туралы транспорттық прокуратура да, авиация төрағасы да білді, бірақ, оларға тек «Эйр Астана» тарапын тыңдау тиімді болды...» - делінген жазбада.
Әйел өзінде қажетті құжаттың болмағанымен келіседі. Алайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі болған.
«4 баланың бірінде туу туралы куәлік болмады. Бірақ, туу туралы куәліктің көшірмесі мен менің балам екенін растайтын фотосы мен мөрі бар мүгедектік туралы кітапшаның түпнұсқасы болды», - деді Шынықұлова.
Көпбалалы ана әуежайдағылардың көбі өзін жақтағанын, тек әуекомпания қызметкері принципке сүйеніп, жолаушыны жібермей қойғанын айтты.
«Бүкіл әуежай бізді өткізуді сұраса да, Аманова принципке баруды жөн көрді... Мен бір нәрсені түсінбедім, егер біздің шенеуніктер осы монополистерден қорқатын болса, болашақта ауаға шығуға құқығымыз болмайды?! Мен тек қызметкерді жұмыстан шығаруды талап еттім», - деді әйел.
Оның сөзінше, балалары ауырып қалатындықтан, ол эмоциясын ұстай алмаған.
«Иә, мен айқайладым, бірақ, мен ашынып тұрдым. Өз балаларымды білетіндіктен, балалардың ауырып қаларын түсіндім. Көп күткен жоқпын, түнде ең кішкентайымның қызуы көтерілді, сосын екіншімнің құсуы басталды.
Ақырында, мен үш баламен ауруханаға түстім! «Эйр Астана», сіздердің Ирада Аманова бүкіл абыройларыңызды қайдағы бір көпбалалы ананың алдында ғана емес, әлем алдында түсірді. Тіпті, сіздер ең болмағанда балалардың алдында кешірім сұрамадыңыздар! Мен әділдік орнайтынына сенемін!», - деп жазды Бота Шынықұлова.