$ 498.34  519.72  4.85

Украинаның бұрынғы бас прокуроры Луценконың ісі бойынша тергеу басталды

2019 жылы Дональд Трамптың жеке адвокаты Рудольф Джулианимен кездесіп, "Бурисма" ісін талқылаған.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Украинаның бұрынғы бас прокуроры Юрий Луценко "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікке ілініп, тергеу басталды деп хабарлады "Украинская правда" интернет сайты.

Сайттың жазуынша, Луценконың үстінен қылмыстық іс тамыз айында қозғалған. Осыдан шамамен екі күн бұрын Киев соты сол уақытта бас прокурор қызметін атқарған Луценконың "заңсыз әрекетін" тергеу реестріне енгізуді міндеттеген, осыдан кейін жемқорлықпен күрес бюросы іс қозғады.

54 жастағы Юрий Луценко 2016 жылдың мамыр айы мен 2019 жылдың тамыз айы аралығында Украинаның бас прокуроры қызметін атқарған. АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден жұмыс істеген газ компаниясын тексеруге жетекшілік етті. 2017 жылы "Бурисма" газ компаниясы мен оның иесі Николай Злочевскийге байланысты тексерісті тоқтатты. Дегенмен 2019 жылы Дональд Трамптың жеке адвокаты Рудольф Джулианимен кездесіп, "Бурисма" ісін талқылаған.

Луценконың Джулианимен кездескенін Трамптың Зеленскийге "қысымы жайлы" хабарлаған АҚШ барлау қызметінің өкілі шағымында жазған. Бұл шағым және 25 шілде күнгі Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің телефон әңгімесінің стенограммасы Трампқа импичмент жариялау процедурасын бастауға түрткі болды.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Украина