$ 446.49  475.38  4.79

Нұр-Сұлтан іргесіндегі ауылда үш баланың анасын көлік қағып өлтірді

Кептеліс кезінде үйге асығып, жиналғандар арасынан көлікпен сытылып өтпекші болғанды да жұрт оңдырмады.

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылында үш баланың анасын көлік қағып, мерт қылды. Азаматшаның өлімінен кейін тұрғылықты жұрт «үстілерінен» өтетін халықаралық тасжолды жапты.

Әкім келмегенше қаламен байланыстыратын торапта бөгет болғандар 41 жастағы әйелдің сұмдық тағдырына ең алдымен билікті кінәлады, деп хабарлайды Евразия ұлттық телеарнасы. 

Өйткені, көпшілік үш жылдан бері асфальт жолда жаяу жүргінші өтетін сызық пен оны түндемелік көру үшін жарық мен бағдаршам қоюды сұрап келген. Кептеліс кезінде үйге асығып, жиналғандар арасынан көлікпен сытылып өтпекші болғанды да жұрт оңдырмады.

Бала шошып қалған. Құсып жатыр. Өйткені жағдайды көзімен көрген. 

Кеше қаладағы мектептен қызын Талапкердегі үйіне жетектеп әкеле жатқан әйелді жолда көлік қаққан. Оны жоқтап-сықтаған көршілері мұғалім болған азаматшаның артында үш бала анасыз қалды дейді. Елді мекендегі бұл ағашқы қайғылы жағдай болмағасын, жергілікті жұрт «үстілерінен» өтетін халықаралық тас жолды жапты.      

41 жастағы азаматшаны шамамен бүгін ғана қойылған жаяу жүргіншілер жолағында соққан. Куәгерлердің айтуынша, көліктің қатты келгені соншалық, азаматша анау адамдар тұрған жерге құлаған. Өкінішке қарай, сол жерде жан тәсілім еткен.

Жаяу жүргінші жолдан өтуге құқық беретін жол белгісі орнатылғанымен, оны көлік тізгіндеушілері көрмейді. Өйткені, ауылға апарар жол бойында жарық жоқ. Тұрғындар қайғылы жағдайға дәл осы жайт себеп болды дейді.

«Осы жерден бала-шағамыз жүгіріп өтеді. Арғы жақтан автобустан түседі, бер жақтан түседі. Мына жерге біз әкімдікті шақырып жатырмыз. Не себептен жолды жаптық? Өйткені, бізді естімейді әкім», - деді Талапкер ауылының тұрғыны Қуат Серікбайұлы. 

Кешкі жетіде жолды жапқандар облыс әкімін талап етті. Тасжолмен үйіне жетем деген бір көлік иесі жолда күтіп қалғандарды бұзып өтпек болды. Тіпті, кейуананы басып кете жаздады. Онсызда ызалы халық жүргізушіні ойынан айнытты.   

Кептеліс бірнеше шақырымға жетіп, наразылық градусы өсе бастағанда, облыстық әкімдіктен өкіл келіп жетті. Неге екені белгісіз, аймақ басшысының орнына орынбасары келді. Халықпен түнжамылып тұрып сөйлескен шенеунік жағдайдың жасалмағанын қаржы аздығымен септестірді. Әсіресе, жарық жіберу қыруар қаржыны қажет етеді екен.          

«Жарықтандыру мәселесі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласынан Қажымұқанға дейін есептеуіміз бойынша 350 миллион теңге ақша керек. 350 миллион теңге! Өтірік емес. Ол жобалық- сметалық құжатта есептелген», - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы.

Талапкер ауылындағы ең танымал ОБСЕ шағым аудан тұрғындары биліктің нақты шешімге қомақты ақша керек екен дегеніне иланбады. Жауап айтылмағанша тарамаймыз дегеннен қорықты ма, облыс орынбасары 10 күннің ішінде халықаралық ұйым атындағы шағым ауданға өтер жолда бағдаршам орнатуға уәде берді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары