17.10.2019, 22:23

Головкин Чикагода жекпе-жекке шығуы мүмкін

Фото: Prosport.kz
6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн өзінің клиенті мен польшалық Камил Шеремета арасындағы кездесу 29 ақпанда Чикагодағы   Wintrust Arena кешенінде өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз жекпе-жекті 29 ақпанда өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Арена бойынша да бірнеше нұсқа бар. Чикагода өткізсек тамаша болар еді. Шеремета – польшалық боксшы, ал Чикагода оның отандастары өте көп. Сол үшін жекпе-жекті Чикагода өткізу идеясын қолдаймыз», деді Хирн.

Сондай-ақ осыдан біраз күн бұрын қазақстандық боксшының промоутері «Чикагода Головкиннің беделі өте жақсы деп ойлаймын. Ол әлем чемпиондығына міндетті үміткер Камил Шереметамен кездескісі келсе, онда Чикагоға барудың мәні бар. Нақты айта алмаймын, бірақ келіссөздер жүріп жатыр. Бізді міндеттейтін сияқты. Белбеу жеңіп алсаң, сені атағыңды қорғауға міндеттеп қояды, алайда IBF өйткен жоқ. Соған қарамастан келіссөздер болып жатыр. Шереметаның белбеуге таласқысы келетінін білеміз», деген болатын.

Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадимен шықпайтынын мәлімдеді. Дей тұрғанмен DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасындағы кездесудің өтетінін хабарлаған болатын.

Тегтер: Головкин