Соңғы екі тәулікте тоқтаусыз жауын жауған, деп жазады 24.kz.
Көше бойындағы суағарлар мен құбырлар толассыз құйылған суды өткізіп үлгермей жатыр. Кейбір көшелерде таңертең көліктер кептелісі туындаған. Қала әкімінің айтуынша, көктем, күз айларында қар мен жаңбыр суы көп жиналатын 5 аумақ бар. Биыл сол жерлердегі суағарларды жөндеп, арнайы сорғылар орнату үшін 40 миллион теңге бөлінген.
Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі:
– Тұрғындардың жанына бататын 23 жер бар. Біз жұмысты бастадық, оның 5-де аяқтадық. Осы жұмыстарға қалалық бюджеттен 40 миллион теңге қарастырғанбыз. Сол қаражат есебінен қазір жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылы осы істі толық аяқтауымыз керек.