Нұр-Сұлтан тұрғыны пәтерін жезөкшелерге жалға беріп келген. Сол үшін оған ірі көлемде айппұл салынды деп хабарлайды астананың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ақпары бойынша, кінәлі деп танылған астаналық азамат мемлекетке 250 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс.
Интимді қызмет көрсетілуі үшін пәтерді жалға беру фактісі "Учаске" жедел алдын-алу шаралары барысында анықталды.
Сот пәтер иесін "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бабы бойынша кінәлі деп танып, 100 АЕК немесе 252 500 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасына кесті.