$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтандағы әскерге баратын жастардың денсаулығы қалай?

Жалпы, биыл күзгі шақырылым бойынша әр өңірге елордадан 800 жас борышын өтеуге барады.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Бүгін елордадан ҚР Қарулы күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері қатарына бір топ жас аттанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті. 

Жалпы, биыл күзгі шақырылым бойынша әр өңірге елордадан 800 жас борышын өтеуге барады. Оның 300-і Қарулы күштердің әскери бөлімдері қатарында қызмет етпек. 

Дәрігерлік комиссияның мәліметінше, әскер жасындағы азаматтардың денсаулығы бұрынғыдан жақсарған. «Бір қуантатыны, жастардың денсаулықтарының жалпы жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Емделуді қажет ететін жастар да бар. Оларға шақыруды кейінге қалдыртып, тізімдерін емдеу мекемелеріне тапсырып, жоспарлы түрде қадағалап отырмыз. Денсаулықтары түзелгеннен кейін әскери қызметке аттандырамыз», - дейді Қалалық әскерге шақыру дәрігерлік комиссиясының төрағасы Омаров Болат Мұрәділұлы. 

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті қазір әкімдікпен бірлесіп, жұмыссыз жастарды әскерге тартумен белсенді айналысып жатыр. Департамент берген мәліметке сәйкес, 2019 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында әскерге аттандырылған 826 азаматтың 514-і, яғни 62,2%-ының тұрақты жұмысы жоқ. 

«Жұмыссыз жастар әскери мамандық алу үшін оқу-жаттығу бөлімдеріне жіберіледі. Бұл оларға болашақта әскери қызметті келісімшарт бойынша жалғастыруға ұтымды мүмкіндік сыйлайды. Ал келісімшартпен қызметте қалғандарға баспаналы болуға, пайыздық мөлшері аз ипотека рәсімдеуге, жанұясына тегін медициналық қызметтер алуға мүмкіндіктер беріледі», - дейді департамент өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан