$ 494.87  520.65  4.91

25 жастағы қызды 2 еркек 8 сағат зорлаған

Жазасын өтеп шыққан екі ер адам топтық зорлауға қатысты айыпталды.

Ресейдің Краснояр қаласында бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққан екі ер адам топтық зорлауға қатысты айыпталды.            Олардың   зорлығынан құтылмақ болған қыз пәтердің терезесінен секіріп кеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РФ тергеу комитетінің          баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хабарланғандай, оқиға 10 қазанда орын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын сотталған ер адамдар түнде пәтерге 25 жастағы жеңіл жүрісті қызды шақырған. 

Алайда қыз ер адамдардың екеу екенін көріп, интимдік қызмет көрсетуден бас тартқан. Сол кезде олар есікті жауып, жәбірленушіге шамамен 8 сағат бойы ойына келгенін істеп, зорлапты. 

«Қыз таңертеңгі сағат 8-дің шамасында пәтердің терезесін ашып, секіріп кеткен. Салдарынан ауыр жарақат алған», - дейді тергеу комитетіндегілер. 

Бүгінгі таңда күдікті деп топшыланған ер адамдар ұсталды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей