$ 442.05  474.14  4.74

Ақсай қаласында жол апатынан 2 адам көз жұмды

«Лада Гранта» қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан.

Ақсай қаласында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасы маңында болған. 

«Лада Гранта» қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту 07.25-те түскен. 71 жасар әйел мен 69 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. 

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, денесі көгерген 33 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақсай