Өскеменде 16 жастағы қыз бала жетінші қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды altaynews.kz
Қайғылы оқиға 18 қазанда қаланың Стрелка ауданында болды. Жасөспірімнің қаза болу фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Қазіргі болжам бойынша, қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу шаралары жалғасуда, сараптама тағайындалды», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.