$ 498.34  519.72  4.85

Әтір сепкенде кететін 6 қателік

Оның түсі мен иісін әркім өз қалауынша таңдайтыны анық, бірақ оны қолдану әдісі бәріне ортақ.
Фото: reactor.inform.kz
Фото: reactor.inform.kz

Кез келген бойжеткен әтір сепкенді жақсы көретін шығар. Оларға оның қораптағы қымбат түрі немесе құйылмалы екені маңызды емес. Оның түсі мен иісін әркім өз қалауынша таңдайтыны анық, бірақ оны қолдану әдісі бәріне ортақ. «Әтірсүйер» қауым қандай қателіктер жібереді? Мұны қалай жөнге келтіруге болады? Кезекті материалымызда осы сұрақтарға жауап іздейік. 

№ 1 қателік: Шашқа себудің қажеті жоқ

 Шаш әтірдің иісін өте ұзақ сақтайды. Ал құрамында алкоголі бар әтірлер шашты құрғатып жібереді. Мұнымен қатар, шашқа әтір себу шылым шегушілердің ортасында жүргенмен бірдей. Бұл иістен тек жуыну арқылы ғана арыла аласыз. Егер кеш батқанша образыңызды өзгертіп, басқа әтір сепкіңіз келсе, әтірді шашқа жақындатудың қажеті жоқ. Ал әр қыздың өмірдің әртүрлі жағдайына сай 3 әтірі болуы керектігін білетін шығарсыз. Десе де бұл басқа әңгіме.

№ 2 қателік: Киімге сеппеңіз

 Әтірдің иісінен, одан кейін қалатын сары дақтан тек су мен ұнтақтың көмегімен ғана арыла алатындықтан, оны киімге мүлдем сеппеген жөн. Мұнымен қатар, әтір мен терінің иісі араласқан кезде, жағымсыз иіс шығуы да ғажап емес. Бәрінен дұрысы, оны ваннадан немесе душтан шыққан соң, парфюмерлік кремнің үстінен себу.

№ 3 қателік: Әтірді білегіңізге сепкен соң, үйкемеңіз

 Парфюм сеуіп, білекті бір-біріне үйкеген кезде, оның құрамындағы кей қасиеті жоғалады. Үйкеген кезде тері қызатындықтан, иісі онша ұзақ сақталмайды.

№ 4 қателік: Таңертең иісі мүңкіп тұратын әтір сеппеңіз

 Бұл өзгелерге көрсеткен құрметіңіз болсын. Францияда мұны кербездік немесе салтанаттылықтың белгісі деп білсе, Қазақстанда бұл әрекетіңізді әдепсіздік деп түсінеді. Себебі таңертең қоғамдық көлікте, жедел сатыда барлығы қысылып тұрған кезде, ешкім әтірдің иісіне тұншыққысы келмейді. Кешкі мезгілге дейін шыдап, қалаған иісіңізді осы уақытта себуіңізге болады.

№ 5 қателік: Құрғақ теріге жақпаңыз

 Құрғақ теріге себілген әтірдің иісі ұзақ сақталмайды. Сондықтан оны ылғалдандырғыш кремнің үстіне жаққан жөн.

№ 6 қателік: Парфюмді күн түсетін жерге қоймаңыз

 Ол күн көзінің астында тотығып, түсі мен иісін жоғалтуы мүмкін. Мұнымен қатар, жуынатын бөлмеде де сақтаудың қажеті жоқ.

Дереккөз: anabol.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#парфюм