$ 439.4  473.54  4.76

Алматыда науқасты әкеле жатқан жедел-жәрдем көлігі аударылып түсті

Арнайы көлік аударылып қалып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін соғып кетті.
фото: caravan.kz
фото: caravan.kz

Жексенбі күні кешкісін Алматыдағы Құлжа трассасының бойында экобекетке жетпей, жаппай жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 автокөліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Алда кептеліс пайда болып, Maxima тоқтайды. Ал Lexus арнайы жолаққа шығып кетеді, бұл кезде науқас мінген жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан.

Лексус арнайы жолаққа шығып, жедел жәрдем көлігіне соқтығысты. Жедел-жәрдем жүргізушісі апатты болдырмауға тырысқан, бірақ қолынан келмеді. Салдарынан Lexus жедел жәрдемге бар жылдамдықпен соқтығысты. Арнайы көлік аударылып қалып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін соғып кетті.

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Апат салдарынан үш адам зардап шекті: жедел жәрдем көлігінде болған науқас пен фельдшер және Lexus жүргізушісі.

Үшеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жаппай жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып кетті. Апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері шақыртылды.

Дереккөз: caravan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жолапаты