$ 494.87  520.65  4.91

Тараздық кәсіпкердің 11 млн теңгесін тартып алған күдікті қолға түсті

Тараздағы жеке компаниялардың бірін басқаратын кәсіпкерді 53 жастағы күдікті тапа-тал түсте тонаған. Қазіргі таңда оны полицейлер қолға түсіріп, күдікті алған ақшасының жартысын қайтарып берді.

Оқиға 10 желтоқсан күні күндіз орын алған. 43 жастағы кәсіпкер өз кеңсесінде отырған кезде кабинетке белгісіз біреу басып кіріп, оны суық қарумен қорқыту арқылы 11 миллион теңгесін тартып алған. Қарақшы ғимаратты тастап шығысымен жәбірленуші тәртіп сақшыларын шақырыпты. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні араға бірер күн салып ұстады.

Ұсталған азамат осы бірер күн ішінде қолды қылған 11 миллион теңгенің біразын жаратып үлгеріпті. Қалғаны иесіне қайтарылды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында тергеліп жатыр, үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы 4 тармағы бойынша (тонау) іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары