$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда өзін өртеген бозбала қайтыс болды

Өткен аптада өз үйінің ауласында өзін өртеп жіберген 20 жастағы бозбала ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Skifnews.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, марқұм сенбі күні бақилық болыпты. Дәрігерлер оның денесінің 90 пайызын күйік шалғандығын айтқан болатын. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын әлі анықтап жатыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Естеріңізге салайық, 20 жастағы түркістандық жігіт 9 желтоқсан күні өзін үйінің алдында өртеп жіберген болатын. 45 жастағы әкесінің айтуынша, оқиға болған сәтте ол үйінде отырған. Ит үргендіктен далаға шығып қарағанда баласының өртеніп жатқанын көріпті. Жалынды дереу өшірген ол жедел жәрдем шақырып, артынша марқұм ауруханаға жеткізілді. Әзірге бозбаланы өлімге не итермелегені белгісіз.

Айта кетеу керек, елімізде соңғы жылы бірнеше өзін-өзі өртеу фактілері тіркелді. Соның бірі қазан айында Тараз қаласында орын алған оқиға. Ол кезде де 20 жастағы бозбала "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдына барып, өзіне от қойған болатын. Кейін бұл іске қаладағы қылмыстық топтардың қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар, 2 қараша күні Көкшетауда жас жігіт әйелімен ұрысып, өзін өртеп өлтірмек болды. Оның да жасы жиырмада. Дәрігерлер жас жігіттің өмірін сақтап қала алды, дегенмен, алған дене жарақаттары өте ауыр. Ал, 12 қараша күні Семейде 25 жастағы азамат өмірімен қош айтысты. Сүйіктісімен ұрысып қалған ол да өзіне от қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары