Көлік және коммуникация министрлігі түрік авиациялық биліктеріне және «Atlas Jet» компаниясына ұшуларды жалғастыруды және авиабилеттерді ашық түрде сатуды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Министрліктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бүгінгі күні «Atlas Jet» басшылығымен 19 шілдеден ұшулар жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
―Көлік және коммуникация министрлігінің қатаң талап ету нәтижесінде авиакомпания ұшуларды неғұрлым тезірек жандандыру жөнінде шешім қабылдады, ― деп мәлімдеді ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.