Алматы облысында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан төрт адам қаза тауып, бесеуі жарақаттанды, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Honda Odyssey және Nissan X-Trail көліктерінің соқтығысуы «Алматы-Өскемен» тас жолының Ақсу ауданындағы 409 шақырымында орын алды.
Оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Бүгінде Сарқан қаласының ауруханасына жарақат алған бес адам жеткізілді. Жапа шеккендердің екеуі - кәмелет жасқа толмағандар.
Көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша апатқа қарама қарсы жолаққа шығып кеткен Nissan X-Trail көлігінің жүргізушісі себеп болды.