21.10.2019, 15:00

«Жаңа әліпбиде олқылықтар бар» — Тоқаев

фото: turkystan.kz
Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын қарпіндегі жаңа қазақ тілінің әліпбиін жетілдіру жөнінде тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр»,- деп жазды президент.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың ақпан айында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткен еді.   

Тегтер: Тоқаев әліпби