Ол үшін келесі сілтемеге өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) теріңіз: imei.rfs.gov.kz/checkiin/
Егер өз атыңызда сізге қажет емес артық ұялы телефон нөмірлері бар екенін байқасаңыз, ұялы байланыс операторының кеңсесіне барып жағдайды анықтаңыз. Бәлкім бөгде адамдар оларды басқа мақсатта қолданып жүрген болар.
Еске сала кетсек, осы жылдың 1 қаңтарына дейін абоненттік құрылғыларды тіркеу үдерісі жүрді. Соның нәтижесінде, бүгінде, барлық ұялы телефондар SIM-карта иесінің ЖСН-не рәсімделген. Былтыр мұндай шара аясында тиісті SMS жібермегендердің барлық телефондары автоматты түрде қолданылатын байланыс картасына тіркелген.
Дереккөз: sknews.kz