№2 қалалық балалар аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаилов оқ тиген бес жасар баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біржан Досмаилов ауруханаға түскен кезде 4 жас 11 айлық баланың жағдайы ауыр болғанын айтты.
«Балаға операция жасалды және жағдайы тұрақталған соң стационарлық ем алу үшін жалпы хирургия бөлімшесіне ауыстырылуда. Жағдайы орташа тұрақты», - дейді ол елордада өткен брифингте.
Еске салсақ, 20 қазан күні кешке отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы мас ер адам әйеліне және оның екінші некеден туған ұлына оқ атып, жарақаттаған. Әйел алған жарақат салдарынан көз жұмса, бала ауруханаға жеткізілген еді.