$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде көлігі шетелде тіркелген жүргізушілерге де айыппұл төлеу туралы нұсқама жіберіледі

Ал шетелдік нөмірлер бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін емес болғандықтан, әкімшілік нұсқама жасалынбайтын.

Бүгіннен бастап көлігі шетелде тіркелген жүргізушілерге де айыппұл төлеу туралы нұсқама жіберіледі. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі Sputniknews.kz- ке хабарлады.

Енді фото және видеофиксация жүйесіне тіркелген заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу туралы нұсқама тек қазақстандық нөмірі бар жүргізушілерге ғана емес, көлігі шетелде тіркелген азаматтарға да келеді.

Жаңашылдық Нұр-Сұлтан, Шымкент, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында күшіне енбек.

"Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмайтын. Өйткені заң бұзушылықтар туралы нұсқама Қазақстанда тіркелген автокөліктің техникалық паспортындағы жазбаның негізінде жасалатын", - деп түсіндірді бас прокуратура.

Ал шетелдік нөмірлер бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін емес болғандықтан, әкімшілік нұсқама жасалынбайтын.

Бас прокуратура шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің жеке басын анықтау үшін әкімшілік полиция комитеті, ұлттық банк, мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, үлкен жұмыс жүргізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары