$ 494.87  520.65  4.91

Малын іздеп адасып кеткен қызылордалық 3 күннен кейін табылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жоғалған малын іздеуге шыққан 19 жастағы бозбала адасып кетіп, 3 күн дегенде әзер табылды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 7 желтоқсан күні орын алған. 1996 жылы туған Шиелі ауданы Бірлестік ауылының Болат есімді тұрғыны екі досын ертіп, мотоциклмен жоғалған малын іздеуге шығады. Ауылдан 35-40 шақырым ұзай бергенде мотоциклдері бұзылып, олар сол жерде от жағып, түнеуге мәжбүр болған. Ертесіне сағат 08.00 шамасында ауылға жаяу бет алған үшеуі ауа-райының қолайсыздығынан бір-бірінен көз жазып, Болат қасындағы достарынан адасып қалады да, қалған екі бала үйлеріне аман оралады. Сол күннен бастап бүкіл ауыл бірігіп, жоғалған баланы 1 күн бойы іздеген. Алайда, нәтиже шықпағаннан кейін Шиелі аудандық ішкі істер бөліміне хабар беріліп, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 10 желтоқсан күні Бірлестік ауылының солтүстік-шығыс беткейінен 50 шақырым қашықтықта әбден ашығып, әлсіреген Болат табылып, үйіне жеткізіледі.

Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің Сұлутөбе ауылдық округіне бекітілген учаскелік полиция инспекторы Дархан Мажиханов пен жедел уәкіл Мүсілімұлы Манастың шұғыл ұйымдастырған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде табылған азаматтың жағдайы «жақсы» деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары