$ 446.49  475.38  4.79

Бүгін еліміздің басым аумағында күн ашық және тұманды болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, қар жаумайды, тек батыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшеюі күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысында Жалаңашкөл аймағында жел 18-23, екпіні 28  м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақмола,  Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары