Жаңалықтар 22.10.2019 сағат 16:00

«4 адамның басын кесіп алған»: Сириядан оралған қазақстандықтардың қылмысы әшкереленді

Әскери киімде өліп жатқан адамдарды қарумен нұсқап, оны кәпір деп атап, Аллахтың қалауымен оқ тиіп өлді деген.
«4 адамның басын кесіп алған»: Сириядан оралған қазақстандықтардың қылмысы әшкереленді
фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Содырлар бұл әрекетімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген
Нұр-Сұлтанда «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор олардың кейбірінің жантүршігерлік қылмысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың ішінде Газинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіров террористік сипаттағы роликтер түсірген.

«ДАИШ халықаралық террористік ұйымының содырлары жергілікті үкімет әскерімен болған соғыста жеңіске жеткендіктен, террористік топ мүшелері – Жансеңгіров пен Бақытжанов ұялы телефонның камерасын пайдаланып, бейнеролик түсірген», - деді Мұрат.

Ол роликте содыр Бақытжанов өздерінің аз адам шығынымен жеңіске жеткендерін мақтан тұтып, жауды ешқандай бекініс құтқара алмайтынын айтқан. Содан кейін әскери киімде өліп жатқан адамдарды қарумен нұсқап, оны кәпір деп атап, Аллахтың қалауымен оқ тиіп өлді деген.

Сараптама аталған роликте діни алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау бегілерін анықтады.
«Сондай-ақ, қарулы қақтығыстан кейін ИГИЛ террористік ұйымының мүшелері төрт адамның басын кесіп алып, жұртты үрейлендіру мақсатында қала көшелерінің біріне жеті тәулікке тастап қойған», - деп атап көрсетті прокурор.

Олар бұл әрекеттерімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген.

«Террористік топ мүшесі Жансеңгіров осы бастардың бірін аяғымен басып, қару ұстап тұрып суретке түскен. Ол сурет ғаламтор арқылы көпшілікке тарап кеткен», - деп жалғастырды Еділ Мұрат.

Оның айтуынша, сараптама кезінде фотосуреттегі адам 1986 жылы Ақмола облысында туған Аманжол Жансеңгіров екені расталған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар