$ 494.87  520.65  4.91

Жайылым жер үшін 400 мың теңге алған түркістандық шенеунік тергеліп жатыр

Күдіктінің және оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізу туралы өтінішхатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.
Фото: arnapress.kz
Фото: arnapress.kz

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Бәйдібек ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ сектор меңгерушісіне қатысты оның әкімдіктің "Жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы лауазымын атқарған мерзімінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған лауазымды тұлға 2019 жылдың қыркүйек айында жайылым үшін жер учаскесін бөлгені үшін азаматтан бұрын алынған 400 мың теңге мөлшерінде параны қайтару кезінде әшкереленген.

Күдіктінің және оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізу туралы өтінішхатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары