$ 449.58  486.94  4.86

Конор Макгрегор қазақ боксын жоғары бағалады

Киевте өткен баспасөз мәслихатында ол қазақстандық боксшылар туралы және өзінің Қазақстанға келуі туралы айтты.

Ережесіз жекпе-жек боскшысы, ирландиялық Конор Макгрегор қазақстандық боксты жоғары бағалады, деп жазады Holanews.kz. 

Киевте өткен баспасөз мәслихатында ол қазақстандық боксшылар туралы және өзінің Қазақстанға келуі туралы айтты.

«Мен Қазақстанның боксшыларын білмеймін. Алайда Қазақстанда бокс өте жақсы дамығанын және күресте бай тарихы бар екенін білемін. Қазақстан боскшыларымен кездескенім есімде жоқ. Егер сіздер мені Қазақстанға шақырсаңыздар, барып қалуым да мүмкін», - деп жауап берді Макгрегор. 

Сондай-ақ Конор жақын арада жаңа қарсыластары мен UFC-ге оралатынын жариялайтынын айтты.

Макгрегор соңғы рет өзінің жекпе-жегін 2018 жылдың қазан айында өткізген болатын. Ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары