$ 444.32  473.33  4.76

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Биылғы тәртіп бойынша жасы 39-дан аспаған қазақстандықтардың арасынан жаңа есімдер анықталуда. Әр үміткердің табысқа жетудегі қызықты оқиғасы болуы керек.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске қосылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының үшінші кезеңі ұйымдастырылуда. Еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлердің өтініштері қабылдануда. «БЮРО 100» жобасының бастамашыл тобы кейіпкерлерді әр аймақтан іздеп жатыр. 

Биылғы тәртіп бойынша жасы 39-дан аспаған қазақстандықтардың арасынан жаңа есімдер анықталуда. Әр үміткердің табысқа жетудегі қызықты оқиғасы болуы керек. Ұйымдастырушылар талантымен және еңбегімен мансапта биікке қол жеткізген жандарға немесе ондаған адамның өмірін құтқарған «батырларға» қызығушылық танытады. 

Жобаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 1 қарашаға дейін ұзартылды. Жобаға қатысу үшін 100janaesim.ruh.kz сайтында арнайы форманы толтыру керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#100 жаңа есім