$ 448.56  478.03  4.79

Павлодарда бокстағы автоцистерна жарылып, 1 адам мерт болды

Мәліметке сәйкес, құтқарушылар бірден құрылымдарды ажыратып, өртті сөндіруге кіріскен.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Павлодар қаласында бокста тұрған автоцистерна жарылды. Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы бірі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«23 қазанда сағат 17:53-те Павлодардың «101» пультіне Транспортная көшесінде орналасқан бокстағы автоцистернаның жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару бөлімшелері келген кезде жарылыстың салдарынан шатырдың құлағаны, сонымен қатар 8 шаршы метр аумақта цистернаның жанып жатқаны анықталды», - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Мәліметке сәйкес, құтқарушылар бірден құрылымдарды ажыратып, өртті сөндіруге кіріскен. 

«Үйінділердің арасынан зардап шеккен бір адамның және ажал құшқан ер адамның денесі шығарылды. Шамамен 250 шаршы метр аумаққа үйінді құлаған», - деді ресми өкіл. 

Өрт сағат 18:27-де ауыздықталған. Қазіргі уақытта үйінділерді тазарту жұмысы жалғасуда. Оқиға салдарын жоюға жеке құрамнан 30 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері бокс алаңын қоршауға алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар