$ 494.87  520.65  4.91

Бейсенбіде елімізде көктайғақ болады

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

24 қазанда солтүстік өңірлерде жауын жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

«24 қазанда Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық ағын бөліктерінің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жауын жауады (арты көбінесе қарға айналады). 

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстікте-шығыста көктайғақ күтіледі, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғуы ықтимал», делінген хабарламада. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысында жел 18 м/с күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы