$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда ер адам 17-қабаттан секіріп өлмек болды

Темекіні ала бергенде оның қолынан шап беріп ұстап, әріптесін көмекке шақырып, ер адамды өлімнен құтқарып қалған.

Алматыда полицейлер 17-қабаттан өзін тастап жібермек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды "Хабар24".

Ер адам өзінің өмірден шаршап, өлгісі келетінін айтқанда полицей Әділбек Қозыбеков оған сәл ойлануға кеңес берген. Сондай-ақ оған темекі ұсынған. Темекіні ала бергенде оның қолынан шап беріп ұстап, әріптесін көмекке шақырып, ер адамды өлімнен құтқарып қалған.

Осынау сәтті видеоға түсірген куәгерлер жігітті ғажайыптың күшімен аман алып қалғандарын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы