$ 494.87  520.65  4.91

Даниал Ахметов президенттің соңғы сұхбатын көрмеген бе?

Шығыс Қазақстан облысын басқаратын Даниал Ахметов  Астанада есеп берді.

Бірақ тілшілердің қазақ тілінде қойылған кейбір сұрақтарын түсінбей қиналды. Облыс әкімі «президенттің журналистермен сұхбатын көрдіңіз бе, көңіліңізден шықты ма?», – деген сауалына жауап таппай қиналды.

Тілшінің өзіне дүрсе қоя берген Даниал Ахметов президенттің журналистермен кездесуін көрмеген бе, әлде ондағы әңгімелерді ұқпаған ба, әйтеуір жауаптан жалтарып кетті.

Жиынды жүргізіп отырған модератордың қазақша қойылған сұрақты облыс әкімінің құлағына сыбырлап, орыс тіліне аударып бергені де Даниал Кенжетайұлына көмектеспеді, деп жазады 31 арна.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары