$ 446.49  475.38  4.79

Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға түсінік берді

Ұлттық банк 2015 жылдың желтоқсанындағы валюта нарығының ахуалы туралы ақпараттық хабар таратып, теңге бағамына қатысты түсініктеме берді.

«Теңгенің айырбастау бағамы негізінен әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен және ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасады. Мұнай бағасының 2014-2015 жылдары төмендеуі төлем балансының және, тиісінше, ішкі валюта нарығындағы баланстың айтарлықтай нашарлауына әкеп соқты. 2015 жылғы желтоқсанның басынан бері Brent маркалы мұнай бағасының бір баррель үшін 44,4 доллардан 37,8 долларға дейін немесе 15%-ға құлдырауы айырбастау бағамына қосымша қысымның түсуіне әкелді», – делінген Ұлттық Банк таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, «Ұлттық Банк теңге бағамының қысқамерзімді ауытқуын реттеу мақсатында ішкі валюта нарығына қатысады, бірақ бұл ретте шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын айқындайтын іргелі факторлардың әсеріне кедергі келтірмейді», дейді Банк басшылығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары