25.10.2019, 00:50

Назарбаев Рафаэль Надальдің қатысуымен өткен теннис матчына барды

Фото: Elbasy.kz
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.

Ойын алдында Елбасы әлемдік теннистің майталмандары Новак Джокович және Рафаэль Надальмен  кездесті, деп жазады Elbasy.kz.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.

- Қазақстандықтар планетаның үздік теннисшілерін көргендеріне өте қуанышты. Мен сіздердің ойындарыңызды үнемі қараймын. Сіздер спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Кездесу барысында Елбасы теннисшілерге зор денсаулық тілеп, Рафаэль Надальды жақында шаңырақ көтеруімен құттықтады.

Қайырымдылық матч нәтижесінде жиналған қаражат өңірлерде теннис инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

Тегтер: Назарбаев