$ 443.85  474.3  4.8

Ғалымдар Ескендір Зұлқарнайынның неден өлгенін анықтады

1995 жылы басталған зерттеу барысында мамандар ежелгі тарихшылар сипаттаған Македонский патшаның соңғы күндері мен аурудың симптомдарын мұқият талдаған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Александр Македонскийдің Сидон саркофагынан жаслаған Геракл дулығысын киген көрінісі Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) өлімінің себебі бұрын саналып келгендей безгек, іш сүзегі немесе пневмония емес, панкреонекроз болған. Грекиядағы Аристотель университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасап tengrinews.kz.

1995 жылы басталған зерттеу барысында мамандар ежелгі тарихшылар сипаттаған Македонский патшаның соңғы күндері мен аурудың симптомдарын мұқият талдаған. Бұл жайлы Greek Reporter жергілікті басылымы жазған. 

Зерттеу авторы, медицинаның құрметті профессоры, доктор Томас Герасимидистің айтуынша, Александрдың өлімінің себебі өткір панкреонекроз салдарынан болған ауыр сепсис болған. Бұл ауру, өз кезегінде, өт-тас ауруы, сондай-ақ қолбасшының ауыр тағам мен алкогольге құмарлығы салдарынан асқынған, деп есептейді профессор.
 «Симптомдардың басталуы қатты тамақ пен шараптан кейін іштің ауыруы, қызудың көтерілуші және 14 күн ішінде күн сайын үдемелі нашарлауы сипатталды», - делінген зерттеуде. Профессор басқа себептерді осылайша жоққа шығарып отыр.
 

Айта кетейік, Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр - Аргеадтар әулетінен шыққан біздің заманымыздан бұрынғы 336 жылдан бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі. 

Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған. Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыптЫ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары