$ 494.87  520.65  4.91

Путин халықаралық соттардың шешімін орындамайтын заң қабылдады

Ресей президенті Владимир Путин бүгін конституциялық соттың халықаралық немесе мемлекетаралық соттардың Ресейге қарсы шығарған үкімдерін орындамауға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Заң бұған дейін мемлектетік дума мен федерация кеңесінің мақұлдауынан өткен.

Заңда Ресей, ресейлік азамат немесе заңды тұлға халықаралық сот шығарған үкімді орындауы тиіс пе деген мәселеде туғанда Ресей конституциялық соты “Ресей конституциясының заңдық күші мен үстемдігін басшылыққа алуы тиіс екені” айтылған, деп жазады Азаттық.

Құжат Ресейдің халықаралық соттарда бұған дейін бірнеше рет даулы істерде жеңіліп, айыппұл салынғанына жауап ретінде қабылданған.

Жаңа заң Ресей президенті мен үкіметіне халықаралық сот үкімдеріне берілген шағымды Ресей конституциялық сотына жолдауына мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары