$ 494.87  520.65  4.91

Мереке күндері қар жауып, бұрқасындатады деп күтілуде

15-17 желтоқсанда Қазақстанда қар жауып, бұрқасындатады және көктайғақ болады деп күтілуде деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Орталығы Монғолиядағы қатты антициклон демалыс күндері республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райын ұстап тұрды. Температура шеткі оңтүстік аудандардан басқа, нормадан 3-9º жоғары болды. Онда температура қалыпты температурадан 1-3º төмен болды»,-делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын арадағы тәулікте антициклон әсері сақталады. Бірақ, Поволжьеде қалыптасқан циклон Қазақстан арқылы солтүстік-шығысқа жылжи бастайды. Онымен бірінші батыста, содан соң мереке күндері 16-17 желтоқсанда қалған аумақта қар жаууы, көктайғақ, жел кей жерлерде 15-25 м/с және бұрқасын болуы күтіледі.

Күндізгі температура бұрынғыдай 0º шамасында болады, ол осы кезеңге орташа көпжылғы мәннен жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары