Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде еденге зираттың тасын төсепті, деп хабарлайды Altaynews.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде «Әлем» сауда үйінде түсірілген бейнежазба мен фотосуреттер таралуда. Видеодан еденде қабір үстіне қойылатын құлпытастардың сынықтары мен марқұмдардың тасқа түсірілген суреттерін көруге болады.
«Әлем» сауда үйінің әкімшісі мұны растады. Бірақ, жауапкершілікті құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компанияға ысырып отыр. Айтуынша, қажетті материалдарды сатып алумен сол компания айналысқан.
- Сауда үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, еденді шаң басып жатқан болатын. Қандай материалдан жасалғаны тек жұмыстар аяқталған соң ғана анықталды, - дейді сауда үйінің әкімшісі.