Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алу фактілерін анықтауда, деп хабарлайды Zakon.kz, Total.kz-ке сілтеме жасап.
«Жер комитеті заңсыз топырақ алу бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 337-бабында (Жерді бүлдіру) қарастырылған жауапкершілікке тарта алады. Ал полиция Әкімшілік кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс ашуға, сондай-ақ, мәліметті тиісті органдарға беруге өкілетті. Екі күннің ішінде заңсыз топырақ алу бойынша 13 дерек табылып, 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 450 мың теңгені құрады», – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан Исин.