$ 494.87  520.65  4.91

«Менің шешем – Нұрлан Ноғаевтың «өкіл анасы»: Серікжан Мәмбеталин әкімге қатысты тың жаңалық айтты

Ал Мәмбеталиннің шешесі «өкіл анасы» болып табылатын Ноғаевты Меңдеш Салихов: «Бұл әкімді сыйлаймын! Ол – еңбекқор және өз ісін білетін кәсіби маман», - деп мақтады.

Facebook әлеуметтік желісіне билік басындағы шенеуніктердің жас кездеріндегі суреттерін жүктеп жүрген Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов бұл жолы оқырман назарына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жігіт кезін ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аким Атырауской области Нурлан Ногаев» деген түсіндірмесі бар ол фотосуреттің астына «Руханият» жасылдар партиясының бұрынғы төрағасы, азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталин: «А вы знаете, что моя мама принимала роды мамы Нурлана?» деген пікір қалдырды. Айтуынша, кезінде Қандыағаш темір жол ауруханасында акушер-гинеколог болып жұмыс істеген анасы Нұрлан Ноғаевтың жарық дүниені көруіне септескен.

«Әкем сонда бас дәрігер болды. Інім екеуміз де сол Нұрлан дүниеге келген перзентханада туғанбыз», - дейді Серікжан Есенғосұлы. Сол сәтте, оған Нәсима Қорғанбекова есімді желі қолданушы: «Ооо, жолын берсiн! Бip облысты басқарыңыз! Мамаңыздың қолы жеңіл болған ғой», - деп тілек білдірді.

Ал Мәмбеталиннің шешесі «өкіл анасы» болып табылатын Ноғаевты Меңдеш Салихов: «Бұл әкімді сыйлаймын! Ол – еңбекқор және өз ісін білетін кәсіби маман», - деп мақтады. Сондай-ақ, Мұса Хайруллиев деген азамат та: «Нұрлан Асқарұлы нағыз қазақ қой, мыңнан бір туар», - деп бағасын асырып отыр.

Осы бір тың жаңалықты ортаға салған Серікжан Есенғосұлының өзіне тоқтала кетсек, оның да мамандығы – дәрігер. Ата-ананың жолын қуған талапты ұл кейін Лондондағы мұнай трейдері болған. 2010 жылдардың басында қазақстандық саяси алаңға шығып, «жасылдар» партиясының идеясын жариялады. Саясатқа араласқаны үшін 2016 жылы бас бостандығы шектеліп, қоғамдық-саяси істерге араласуына тыйым салынды. Тіпті, ол Қазақстан азаматтығынан айрылып, Ұлыбритания төлқұжатын алды.

Мәмбеталин партиядан кеткен соң да азаматтық белсенділігін тоқтатқан жоқ. БАҚ-пен кездесуден қашпай, Facebook парақшасында да түрлі мәселелерге қатысты көзқарасын ашық білдіріп жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары