$ 443.44  480.51  4.88

Сыбайлас жемқорлықпен күресетіндердің айлық табысы қанша? (ВИДЕО)

Қызметкерлердің жұмысбастылығына байланысты отбасын айына бір рет көретінін алға тартқан ведомстваның шенеунігі, әріптестерінің бестен бірі стресс жағдайында жүргенін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жеке өміріне уақыт таппайды. Есесіне табыстары жақсы. Тіпті әкімдердің жалақысымен теңеседі, деп хабарлайды АстанаТВ.

Қызметкерлердің жұмысбастылығына байланысты отбасын айына бір рет көретінін алға тартқан ведомстваның шенеунігі, әріптестерінің бестен бірі стресс жағдайында жүргенін айтты. Осыған сай оларға жоғары жалақы төленеді екен.

«Тәжірибесі жоқ жұмысқа жаңа келген маман барлық жәрдемақыларды қосқанда қолына 250 мың теңге алады. Егер аттестациядан өткен қызметкерлерді алсақ, онда да 15 жылдан астам тәжірибесі бар аса маңызды мәселелер бойынша офицер 600-700 мың теңгеге дейін алады, яғни бұл әкімдердің жалақысы.

Жақсы табыс біздің қызметкерлердің жеке өміріне жетпейтін 90 процентті өтеп, әзірге жақсы көмектесіп тұр. Бұл – «Жұмыс орнындағы әл-ауқат» жобасының аясында жүргізілген зерттеу нәтижесі», -деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Кадрлар бөлімінің бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары