26.10.2019, 00:00

Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, белсенді циклондар Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын-шашын және желдің күшеюіне әкеледі.

Қазгидромет демалыс күндері ауа райы қандай болатындығы туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Синоптиктердің болжамынша, белсенді циклондар Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын-шашын және желдің күшеюіне әкеледі. 

«Республиканың оңтүстік жартысында ауа райын бұрынғыдай антициклон анықтайды, сондықтан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс және солтүстік облыстарында батыс ағымдарымен Атлантикадан жылы және дымқыл ауа массаларының жылжуымен ауа температурасының климаттық нормадан 6…11°С жоғары болса, алдағы демалыс күндері жылу Қазақстанның қалған территориясына тарайды», - делінген хабарламада.

Тегтер: ауа райы