$ 498.34  519.72  4.85

ҰБТ орталығының бұрынғы басшысы 140 млн теңге көлемінде пара алған

Аталған сома жекеменшік компанияларға тиесілі.

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов 140 млн теңге көлемінде пара алған. Бас шаһарда өтіп жатқан сот процесінде прокурор аталмыш ауызбастырықты экс-директордың қалай алғанын айтты.

Аталған сома жекеменшік компанияларға тиесілі. Тергеу мәліметіне сүйенсек, Әлімқұлов 2017-2018 жылдары делдал арқылы жүйелі түрде пара алған. 

Ол ұлттық тестілеу орталығының басшысы болып 2017 жылы тағайындалған еді. Осы жылдың мамыр айында жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Рамазан Әлімқұловты сот шешімімен екі айға қамауға алған болатын. Ал экс-директор сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ