26.10.2019, 07:20

ТМД-ның ауыр атлеттері Қазақстанда бақ сынайды

Фото: ҚазАқпарат
Жарысқа Қазақстан мен ТМД елдерінен 250-ден астам спортшы қатысады.

Нұр-Сұлтан қаласында ауыр атлетикадан ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, турнир ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы, аты аңызға айналған Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған. Ол Назарбаев Университетінде 29 қазан - 3 қараша күндері аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстан мен ТМД елдерінен 250-ден астам спортшы қатысады.

Тегтер: ТМД