$ 449.58  486.94  4.86

Еуропалық жасөспірімдердің интернетті пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін

Еуропадағы Жеке деректерді қорғау туралы заң жобасына жаңа түзетулер енгізілуі мүмкін. Егер енгізілсе 16 жасқан дейінгі балалар ата-анасының келісімінсіз интернетті өздігімен пайдалана алмайды. Бұл туралы Theguardian хабарлап отыр.

Еуропа парламенті өткен сейсенбі күні елдегі жасөспірімдердің ғаламторды, әсересе, Facebook сынды әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қою мәселесін көтерді. Олар жаңа ережені талқылап, өзара дауысқа салды.

Жеке басқа қатысты мәліметтерді қорғайтын жаңа еуропалық ереже 15 және одан төменгі жастағылар үшін қолданылмақ. Яғни, ата-ана не ата-ана құқына ие қамқоршының келісімі арқылы рұқсат етілетін жас мөлшері 13-тен 16-ға ауыстырылады.
Аталған заңда былай делінген: «16 жасқа дейінгі баланың ата-анасы не ата-ана құқына ие қамқоршысы келісімін бергенде ғана оның жеке басына қатысты мәліметтер заңды түрде өңделеді».

Ал, жаңа заң қолданысқа енсе 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердерге қызметтерін ұсынғысы келетін желілер, яғни, Facebook, Snapchat, Whatsapp және Instagram желісінің компаниялары міндетті түрде балалардың заңды қорғаушыларынан рұқсат алуға тиіс болады.

Бүгінгі күні Facebook әлеуметтік желісіне тек 13 жасқа толған жасөспірімдер ғана тіркеле алады. Өйткені, АҚШ-тың Балаларды онлайн қорғау туралы заңында осылай көрсетілген. Еуропа елдеріндегі деректерді қорғау туралы заң жобасы да осыған ұқсас. Бірақ, еуропалық құжаттың қабылданғанына төрт жыл өтсе де, онда мұндай сандық көрсеткіш көрсетілмеген.

Ал, технологиялық компаниялардың өкілдері мен бала құқығын қорғаумен айналысатын мамандардың айтуынша, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен басқа да интернетке негізделген ресурстар мен қызметтерді пайдалануға тыйым салу өте қиын.

Еуропалық Қауіпсіз интернет желісінің бұрынғы үйлестірушісі және БҰҰ ақпараттық технологиялар орталығының кеңесшісі Дженис Ричардсон былай дейді: «Ғаламтор қолданушыларының жасын 13-тен 16 жасқа дейін өсіру саясаттағы үлкен өзгеріске әкеледі және бұл заңды билік қоғаммен келісіп қабылдағалы отқан жоқ».

Сондай-ақ, оның айтуынша, 13-тен 16 жасқа өсіру – жастарды білім алуға және әлеуметтік мүмкіндіктерін сынап көруге шектеу қояды. Бұл – өте тиімсіз деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары