Таиланд тұрғыны қайтыс болған әйелін кремациялау кезінде оның тірі екенін байқап қалған деп хабарлайды Sun басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Тэвин Сопаджорн кремациялау кезінде әйелінің қабағын қозғалтқанын көрген.
Жерлеу рәсімі кезінде Тэвин Сопаджорн әйелімен соңғы болып қоштасқан. Кенеттен мәйіттің тыныс алғанын естіген ер адам абдырап қалыпты.
Басылымның хабарлауынша, әйел адам көп уақыт қалқанша безінің сырқатымен ауырған.
Дәрігерлер келіншектің қайтыс болғанын анықтаған соң, ол үш күн будду храмының салқын бөлмесінде жатқан екен.
Анықталғандай, 70 жастағы әйел расымен де тірі болып шыққан. Қазір 70 жастағы әйел аруханада жатыр. Дегенмен оның жағдайы нашар.