26.10.2019, 21:10

Әлемдегі ең сұлу 4 әйел

Тәж иесінің психолог мамандығы бойынша білім алып жатқан студент екені айтылды.

Филиппинде «Жер аруы — 2019» байқауының жеңімпазы белгілі болды. Ол - 21 жастағы Пуэрто-Рико өкілі Неллис Пиментел, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәж иесінің психолог мамандығы бойынша білім алып жатқан студент екені айтылды. Екінші орынды АҚШ өкілі Эмани Дэвис иеленді. Ол «Ауа аруы» атағын иеленді. 

Үшінші орын – «Су аруы» атағы чехиялық қатысушы Клара Ваврушковоға, ал «От аруы» белорусиялық Алиса Манинокке бұйырды. 

Аталған байқауға Қазақстанның атынан 21 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Алтынай Әсенова қатысты. Ол – қазақ-британ техникалық университетінің студенті, 2017 жылы Мәскеуде өткен Miss World Beauty байқауында «Супермодель» номинациясын иеленді. 

«Жер аруы» байқауы жыл сайын БҰҰ бастамасымен Филиппин елінде өткізіледі. Оған әлемнің ең сұлу қыздары қатысады. Басты идеясы – қоршаған ортаны қорғауға назар аудару.