ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады, – деп Qamshy.kz Премьер-Министр Асқар Мамин Мәскеуге сапары барысында ТМД үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысты, экономикалық интеграцияның өзекті мәселелерін шешу бойынша бірқатар бастамалар ұсынды.
ТМД елдерінің БҰҰ-ның шағын құрамдағы отырысында Қазақстан Премьер-Министрі сауда ынтымақтастығын одан әрі нығайту, «жаңа өсу нүктелерін» іздеу және Достастық шеңберіндегі инвестициялық капиталды тартудың белсенді позициясын дамыту қажеттілігіне назар аударды. Үкімет басшысы Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін қолдана отырып, алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу және қаржылық қызметтерді өзара ұсыну бойынша жұмысты жандандыру үшін ТМД елдерінің инвестициялық стратегиясын әзірлеуді ұсынды.
Премьер-Министр ТМД шеңберіндегі қызметтермен еркін сауда туралы келісім жобасын келісу бойынша жұмысты жеделдетудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ТМД елдерінің 2025 жылға дейінгі өндірістік кооперациясын дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу туралы бастама көтерді.
ТМД кеңесі жұмысының нәтижелері бойынша тар және кеңейтілген құрамда бірқатар құжаттар қабылданды. Оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қоғамның сандық дамуы саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасы және оны жүзеге асырудағы басым шаралар жоспары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы енді.