$ 494.87  520.65  4.91

БҰҰ терроризмді қаржыландыру көздерімен күрес туралы қарар қабылдады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі терроризмді қаржыландыру көздеріне қарсы күрес туралы қарарды қабылдады, деп жазады 24.kz.

ТАСС ақпараттық агенттігініңі хабарлауынша құжат «Ирак пен Леванттың террористік тобы», «аль-Каида» және «солармен байланысты тұлғалар, топтар, кәсіпорындар мен ұйымдарды» қаржыландыру және оларға кез келген өзге көмек түрі көрсетілуінің жолын кесуді қарастырады.

Қарар БҰҰ-ға мүше елдердің оны тез арада орындауын талап етеді. Құжат лаңкестердің «қаржысы мен қаржылық активтерін тез арада оқшаулап тастап», олардың «тура немесе жанама» түрде қаржыландырылуын болдырмауға,  сондай-ақ «тұлғалар мен ұйымдарға жіберілетін қаржы мен өзге қаржылық активтердің, экономикалық ресурстар ағымдарының доғарылуы жөнінен әсерлі және шешуші іс-шаралар қолдануға» шақырады. ТГИЛ-ге қолдау көрсететін тұлғалар мен ұйымдар бұдан былай санкциялық тізімге ілігеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары